Атауы: «Жас-Балғын» бала бақшасы жеке мекемесі
Меншік түрі: жеке меншік
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қаратөбе тұрғын үй алабы, Бахриз Рамиз көшесі,
№ 80 «а» құрылыс
Аула көлемі -3241 м2
Электронды мекен-жайы: aldikova.nazira@mail.ru
Телефон: 8-725-255-94-71
Құрылтайшы: Альдикова Назира Коргановна
Мемлекеттік лицензия: 05.10.2010 ж. АБ № 0310154
Білім беру мекеменің аттестациясы: Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылғы 30 қазандағы №455 бұйрығының негізінде Сайрам ауданындағы «Жас Балғын» балабақшасы» жеке мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді.
Мектепке дейінгі мекеменің басшысы: Альдикова Назира Коргановна,
білімі жоғары, педагогикалық еңбек өтілі 45 жыл, осы мекемеде 13 жыл.
Проект қуаттылығы: 350 бала
Мекеменің ашылу жылы: 2010 жыл
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілі
Күн тәртібі: 10,5 сағат
Топ саны: 14
Мемлекеттік тапсырыс: 350 бала
Қазіргі таңда 2 топ қазақ тілінде, 12 топ орыс тілінде оқыту мен тәрбиелеу жүргізуде.
6 – мектепалды даярлық (5 жастан бастап ), 5- ересек топ (4 жастан бастап), 3- ортаңғы топ (3 жастан бастап) бар.
Балабақшада 2 қабатты 3 ғимарат, 1 қабатты 4 ғимарат бар . «Жас-Балғын» балабақшасы 8:00-ден 18:30-ға дейін балаларды қабылдау, қарау бойынша 10,30 сағаттық жүйеде жұмыс істейді. Ыстық суы, жылу жүйесі бар. Аула сәндік гүлдермен безендірілген. Барлық топтарға арналған көлеңкелі сәкі бар және алаңдар керекті құралдармен жабдықталған. Тамақ беру жағдайына сай мұздатқыш-тоңазытқыш камералары, жеміс пен көкөніс сақтайтын қоймалар, тамақ дайындаушы газ және электр құралдармен толығымен қамтамасыз етілген. Бейнебақылау камера саны -26 (оның ішінде ішкі нүктесі — 18, сыртқы нүктесі — 8), дабыл түймешесі — 1, дыбыстық хабарлама – 5. ТОО “Бейбарыс Қызмет” күзет агентствосымен келсісім шарт жасалған. Сонымен қатар, бала бақшада төмендегі бөлмелер, кабинеттер бар.
Топ бөлмелері – 14
Меңгеруші кабинеті – 1
Әдістемелік пән мұғалімдер кабинеті – 1
Асхана – 2
Есеп алу бөлмесі – 1
Кір жуатын бөлмелер – 2
Дене шынықтыру залы – 1
Медициналық кабинет — 1
Барлық топтар балалрдың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.
Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар. Арнайы бөлмеден даладағы алаңдарда ойын құралдары орналасқан бала бақшамыздың іші жыл сайын ағымдағы жөндеуден өткен. Балалар бақшаға Шымкент қалалық білім басқармасының garden.kz электронды жолдамасы бойынша 3 жастан бастап қабылданады.
Жалпы «Жас-Балғын» бала бақшасы жеке мекемеде 54 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде: 30 педагог, 24 техникалық қызметкер. Жоғары білімді – 28 педагог, орта арнаулы білімді – 2 педагог
Педагогтардың құрамы:
Меңгеруші – 1;
Әдіскер – 1;
Педагог-психолог – 1;
Қазақ тілі пән мұғалімі – 1;
Дене шынықтыру нұсқаушысы – 2;
Хореограф – 1;
Тәрбиешілер – 23.